Миллиондаған адамның өмірін қиған соғысты желеу етіп Путин тағы да қару-жарағымен мақтанды. Кейінгі жылдары 9 мамыр күні ұйымдастыруға рұқсат берілмей келген шеру Алматыда өтті. Оған кімдер қатысты? Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германия тізе бүккен күнді Еуропа қалай атап өтті?
9 мамырда Алматыда "Батырларға тағзым" шеруі өтті. Бұл - Ресейдегі "Мәңгілік полк" форматындағы шара. Шеруге Алматы әкімдігі рұқсат берген. Акцияда мыңдаған адам соғыста қаза болған жақындарының фотоларын алып жүрді.
Кремльді бақылап отырғандар үшін 9 мамырдағы парад елді ширек ғасыр басқарып отырған Владимир Путиннің пиғылы, жалпы Ресейдің саясаты, әсіресе Украинадағы соғыс жайлы саясаты қандай екенін сездіруі мүмкін.
Тағы